Инвесторлар үшін
| ХҚЕС сәйкес аудиттелген қаржылық есептілік |
Бухгалтерлік есептіліктің қазақстандық стандарттарына сәйкес тұсаукесер |
||||
| Таныстырылымдар | Нормативтік құжаттар | ||||
Алматы, 2011 жылдың 12 қазаны – Еуразиялық Банк 2011 жылдың өткен тоғыз айы бойынша қызметінің нәтижесін ұсынды. Біріктірілмеген есептіліктің басты көрсеткіштерінің тұрақты жағымды серпіні Банктің көшбасшылық амбицияларға ие дамушы қаржылық институтқа айналып келе жатқанын көрсетуде.
2011 жылдың 9 айы бойынша пайда мен залалдар туралы есеп берудің негізгі баптарының 2010 жылдың соған сәйкес кезеңімен салыстырғандағы серпіні:
- Таза пайыздық табыс 172%-ға артты;
- Провизияларды қосып есептеуге дейінгі таза операциялық табыс 90.0%-ға өсті;
- Таза пайыздық маржа (NIM) 2011 жылдың 9 айы ішінде 147.5%-ға артты;
- Шығындардың табыстарға қатысы (CIR) 30,6%-ға азайды;
- Таза пайда 2010 жылдың 9 ай кезеңіндегі 1,060 млрд теңге залалмен салыстырғанда 4,087 млрд теңгені құрады.
Табыстылықтың өсу қарқыны, қаржылық көрсеткіштердің жан-жақты жақсаруы және бизнестің тиімділігінің артуы Еуразиялық банктің Қазақстанның банкілік секторындағы көшбасшылардың бірі ретіндегі беделін растауда.
Займдарға қатысты шығындарға арнап резервтерді құруға дейінгі таза пайыздық табыс 2010 жылдың 1 қазанындағы деректермен салыстырғанда рекордтық 172%-ға артты, және 01.10.2011ж. 12,2 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіштің серпіні несиелендіруді арттырумен және бөлшек сауда бизнесін өсіру стратегиясын ендірумен негізделген.
Өткен кезең бойынша таза пайыздық маржа 2010 жылдың соған сәйкес кезеңімен салыстырғанда 147,5 %-ға артумен 5.2% құрады.
Провизияларды қосып есептеуге дейінгі таза операциялық табыс 2010 жылдың соған сәйкес кезеңімен салыстырғанда 90%-ға 17,9 млрд теңге деңгейге дейін өсті. Осыншама елеулі өсім ең алдымен клиенттерге берілген займдар бойынша пайыздық табыстың 31%-ға артуымен, шетел ақшасымен операциялар бойынша табыстылықтың өсуімен және артық өтімділіктің азаюының есебінен пайыздық шығындардың азаюымен байланысты.
Есептік кезең бойынша таза пайда 4,087 млрд теңгені құрады, бұл Еуразиялық Банктің бүкіл тарихы бойынша рекордтық жоғары көрсеткіш болып табылады. Еуразиялық банктің табыстылығының тұрақты өсу серпінін атап кеткен жөн: 2011 жылдың 9 айы ішінде Банктің таза пайдасы 5 еседен артық мөлшерге өсті (біріктірілмеген аудиттелген есептілікке сәйкес, 2011 жылдың 1 қаңтарына қарсы 771,4 млн теңге).
Ағымдағы жыл ішінде таза пайданың өсуіне ықпал етіп отырған негізгі факторға Банктің несиелік қоржынының құрылымында сапалы кредиттер үлесінің артуы және жұмыс істемейтін займдар көлемінің азаюы жатады.
Өткен кезең бойынша Банктің активтері 6,1%-ға көбеюмен 2011 жылдың 1 қазанына қарсы 355,9 млрд теңгені құрады. Активтердің өсімі негізінен есептік кезең ішінде несиелік қоржынның едәуір мөлшерде артуымен негізделген.
Мысалы, қазанның 1-іне қарсы Банктің несиелік қоржыны жыл басынан бері 17,8%-ға және өткен жылдың соған кезеңімен салыстырғанда 34,7%-ға артумен 263,7 млрд теңгені құрады.
Несиелік қоржынның осындай серпінінің негізгі себептеріне дағдарыстан кейінгі кезеңдегі Қазақстан экономикасының жақсаруы және «Еуразиялық банк» АҚ бизнесінің сенімділігі айналды, бұл корпоративтік сегментке, сондай-ақ бөлшек сауда бизнесі сегментіне жаңадан клиенттерді тартуға мүмкіндік берді.
Бұл жағдайда, кредиттік қоржынның құрылымы мынадай болуда: корпоративтік клиенттерге берілген кредиттер - 150,1 млрд теңге, шағын және орта бизнес секторының үлесі - 49,3 млрд теңге, және бөлшек сауда секторының үлесі - 64, 2 млрд теңге.
Банк активтерінің жоғары сапасының өзгермей келе жатқанын атап кету керек, бұл жағдайда өтелу коэффициенті 129,6% құрауда.
Банктің меншікті капиталы , оның қаржылық тұрақтылығының негізгі көрсеткіші ағымдағы жылдың тоғыз айы ішінде 37,3%-ға артумен 32,5 млрд теңгені құрады. Капиталдың өсімі, негізінен, пайданы капиталдандырудың арқасында қамтамасыз етілген болатын, мұнысы негізгі акционерлердің Банкті еліміздің жетекші қаржылық институттардың бірінің деңгейіне дейін одан әрі дамытуды мақсат етіп отырғандығын растауда.
Капиталдың оңтайлылығы (ROAE), өз кезегінде, 19,2% деңгейіне дейін жетті, ал шығындардың табыстарға қатынасы (CIR) 58,4% дейін азайды, Банк басшылығы жоспарлаған бақылау белгісінен төмен 60% дейін түсіп кетті.
2011 жылдың тоғыз айы бойынша жұмысын қорытындылай келе Басқарма Төрағасы Майкл Эгглтонбылай деп кетті: «Есептік кезең ішінде Банк өзінің 17 жылғы қызмет ету тарихындағы пайданың ең жоғары көрсеткіштерін көрсетумен тұрақты дамуға бет алды. Мен өзімнің Еуразиялық Банкті, шынымен сенімді, кәсіби және ашық қаржылық институтты басқаратынымды мақтан етемін».
«Еуразиялық банк»өтімді құралдардың қажетті қорын қамтамасыз етіп отырады және қажет болған жағдайда қосымша қаржыландыру көздеріне қатынай алады.
2011 жылдың 1 қазанына қарсы Банктің клиенттік базасы 409 715 клиентті құрады, соның ішінде - 397 678 жеке және 12 037 заңды тұлға. Банктің филиалдар желісі Қазақстанның барлық аймақтарында орналасқан 18 филиал мен 48 бөлімшеден құралған.
ҚЕХС бойынша толық аудиттелген біріктірілмеген қаржылық есеп беру, сондай-ақ Еуразиялық Банк туралы ақпаратты Банктің мына сайтынан білуге болады: www.eubank.kz.


Біздің қоңырау соғуымызды қалайсыз ба?


