Басты бетi / ЖСН туралы ақпарат

ЖСН туралы ақпарат

2013 жылғы 01 қаңтардан бастап «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Заңның 9-бабының 5-тармағының екінші бөлігі және 3-бабының 4-тармағының 4),5) тармақшалары (бұдан әрі - Заң) күшіне енеді, оған сәйкес Банк Клиенттің Жеке сәйкестендіру нөмірінсіз (бұдан әрі - ЖСН) төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыруға, сондай-ақ банктік шоттарды ашуға және жүргізуге құқығы жоқ. 

 

ЖСН Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінде көрсетіледі:

 

беткі жағында:
 
 
 
 
сыртқы жағында:
 
 
 
 
резидент еместер үшін – шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар үшін тіркеу куәлігі.
 
Жеке куәлікті ЖСН бар куәлікке қайта ресімдеу тіркеу органына бұдан бұрын берілген құжаттарды тапсыру шартымен бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

 

Қазақстан Республикасының азаматтарының көпшілігінің жеке куәліктерінде ЖСН бар екенін айта кеткен жөн, бұл нөмірлер 1997 жылғы тамыз айынан бастап жеке куәліктерге ендіріліп келеді.

 

Жоғарыда баяндалғанның негізінде құжаттарды (резиденттер үшін - жеке куәлік, резидент еместер үшін – шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар үшінжеке басын куәландыратынҚазақстан Республикасының құжаттары болмаған жағдайда - тіркеу куәлігі) ЖСН бар құжаттарға қайта ресімдеуді және Банкке 2013 жылғы 01 қаңтарға дейін ұсынуды сұраймыз.   

Тема вопроса:
Уточните услугу:
Срок расмотрения вашего сообщения
существенно уменьшается в случае максимально корректного выбора темы вопроса.
* Ваше имя:

Номер телефона:
* E-mail:
* Сообщение:
Яндекс.Метрика