БСН туралы ақпарат
«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Заңның 9-бабының 5-тармағының екінші бөлігінің және 3-бабының 4-тармағының 4), 5) тармақшаларының күшіне енуіне байланысты, 2013 жылғы 01 қаңтардан бастап Банк Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) жоқ клиенттерге БСН-сіз төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыруға, сондай-ақ банктік шоттарды ашуға және жүргізуге құқығы жоқ.
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі - заңды тұлғаға (филиал мен өкілдікке) және бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір.
- бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер үшін – жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
- резидент заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), филиалды, өкілдікті есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік;
- Қазақстан Республикасында қызметін филиалдар мен өкілдіктер арқылы (тұрақты мекеме құра отырып) жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар үшін - филиалды, өкілдікті есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік;
- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенттері болып табылатын;
Қазақстан Республикасында салық салынатын объектілерге иелік ететін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетел мемлекетініңдипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері болып табылатын; «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 191-бабының 8-тармағына сәйкес өзінің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын тәуелді агенті арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар үшін тіркеу куәлігі болып табылады. Сәйкестендіру нөмірі уәкілетті органда:
- бірлескен жеке кәсіпкерліктің уәкілетті тұлғасының тұрғылықты жері бойынша;
- орналасқан жері бойынша беріледі.
заңды тұлғалар (филиалдар мен өкілдіктер) үшін, соның ішінде Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар үшін;
- Мүлкі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын резидент емес заңды тұлға активтерінің немесе қатысу үлестерінің, өткізілген акцияларының құнының 50 және одан көп пайызын құрайтын, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие резиденттің немесе консорциумның орналасқан жері бойынша;
- салық салу объектілерінің орналасқан және (немесе) тіркелген жері бойынша:
Қазақстан Республикасында салық салынатын объектілерді сатып алатын және (немесе) иелік ететін резидент еместер үшін;
- резидент-банктің орналасқан жері бойынша:
резидент-банктерде ағымдағы шоттарын ашатын және осы сәйкестендіру нөмірі қалыптастырылмайтын резидент еместер үшін жүзеге асырылады.
Жоғарыда баяндалғанға байланысты, Сізден бұдан бұрын берілген құжаттарды БСН бар құжаттарға қайта ресімдеуді және оларды Банкке 2013 жылғы 01 қаңтарға дейінгі мерзімде тапсыруды сұраймыз, сондай-ақ төлемдер мен қаражаттарды Банк арқылы аудару барысында қандай да бір түсінбеушіліктерді болдырмау мақсатында қолданыстағы шарттарға тиісті өзгертулерді енгізу бойынша серіктестеріңізбен алдын ала жұмыс жүргізулеріңізді сұраймыз.


Біздің қоңырау соғуымызды қалайсыз ба?


